Парламент сайлау 2024-2025
Мектеп Парламентінің жаңа оқу жылының отырысы өтті. 2024 жылдың 10-қыркүйек күні Мектеп Парламенті «Өзін-өзі басқару» ұйымының 2024-2025 оқу жылының алғашқы отырысы өтті. Педагог- ұйымдастырушы А.Б.Ахмет және фракция жетекшілері қатысты. «Өзін-өзі басқару» ұйымының жылдық жоспары мен таныстырылды. Қазан айының 1 аптасы Дублер күні, қазан айының 4 аптасы 19 қазан күні Мектеп Парламентінің Президентін сайлау өтетіндігін айтып, жоспар нақтыланды.Мектеп Президентін сайлау жұмыстары бойынша хабарландыру жұмыстары жүргізіліп, үміттерінің бағдарламаларын әлеуметтік желіде жариялап отыру туралы бағыт -бағдар беріліп тапсырмалар берілді. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0zhWxiaVp1oi2XTgTv4E1GmdgnRw6njz1D1CD5T6CKQ5TQx213UrAa5FEPqsijUyDl&id=100023742651766
01.10 күні ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ.
🔰Бүгін мектебімізде 1 қазан — Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өткізіліп, қазыналы қарттарымызға құрмет көрсетілді.
⚜Халқымызда «Қариясы бар ел – қазыналы ел» деген тағылымды сөз бар. Біз әрқашан қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз. Әркез алдыңғы буын аға-апаларымыздың ел дамуы жолындағы ерен ерлігі мен қажырлы еңбегін үлгі тұтамыз.
⚜Іс-шарада мектеп оқушылары және “Өзін-өзі басқару” ұйымы әсем әндер, әдеби монтаждар орындап көрермен көзайымына айналды.
⚜Қазыналы қарттарымыздың қатары ортаймасын! https://www.facebook.com/share/r/7LYsxe6YifheCkiX

