№26 Жамбыл атындағы мектеп – гимназиясының тарихы
Мектеп 1934 жылы Шымкент қаласындағы алғашқы қазақ мектептерінің бірі №26 мектеп болып ашылған.
1954 жылы жаңа ғимаратқа көшіріліп Жамбыл есімі берілді.
1971 жылы 1320 орындық казіргі типтік ғимаратқа көшірілді.
1992 ж – Л.В.Тарасов «Экология және диалектика» моделі бойынша Л.Г. Петерсон «Математика» және «Айналадағы әлем» арнайы курс бастауыш сыныптарына енгізілді.
1993 ж – «Математика» оқулығы басылымнан шығарылды
1993 ж мектеп — гимназия статусына ие болды
1999 ж алғаш компьютер кабинеттері ашылды:
- Химия, биология, физика кабинеттері;
- Электрондық кітапхана ұйымдастырылды;
- Мектеп жиһаздарын медициналық бөлме, акт залы жабдықталды;
2000 ж «Жамбыл өрендері» газеті шығарылды
2003 ж Жамбыл ескерткіші орнатылды
2004 ж Қ.Р. Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы білім академиясының тірек мектебі болып құрылды.
2004 жылдан бастап Ы.Алтынсарин атындағы қазақ білім беру Академиясының базалық мекемесі ретінде «Білім беру сапасын бағалауды басқару» тақырыбында жұмыс жүргізіп келеді.
2019 жылдан бастап Кайкенова Гулсара Жумадуллаевна мектеп-гимназия директорының қызметін атқарады.