ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕ ҚАУІПСІЗ АДАМ💻 Аптаның дәйек сөзі: “Отанды сүю — отбасынан басталады” №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясында 2024 жылдың 13 қазанның “Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспары негізінде 5-11 сыныптарда «Цифрлы әлемде қауіпсіз адам» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға цифрлық әлем туралы ақпарат беру. Цифрлық әлемді қауіпсіз қолдануға үйрету. Оқушылар интернет кеңістігінде өздерін қалай қорғау керектігін үйреніп, жеке ақпараттың маңыздылығын түсінді. Оқушылар тақырыпқа ерекше қызығушылық танытып, белсенді түрде қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Бұл сынып сағаты әр оқушыға қауіпсіз интернет әлеміне сенімді қадам жасауға көмектесетініне сенімдіміз. https://www.facebook.com/share/p/sgJ6qR88svCzQjVP/ |
“SMART BALA” жобасы Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №26 Жамбыл атындағы меатеп-гимназиясында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «SMART BALA» жобасын іске асыру мақсатында робототехника үйірмесінің ұйымдастыруымен мектепішілік «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты көрме өтті. МАҚСАТЫ: Инновациялық жобалар конкурсы арқылы құндылықтарды дәріптеу. Білім алушыларды ғылым мен техниканың әр түрлі салаларында зерттеу, өнертапқыштық қызметке тарту, дарынды балаларды қолдау, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру үшін жағдай жасау. Білім алушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту, техникалық ойлау қабілеттерін жетілдіру және жаңа идеялар мен инновацияларды қолдау. https://www.facebook.com/share/p/14ejgsRtTs/ |